Дене шынықтыру және эстетикалық пәндер апталығы – оқушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға, олардың өнер мен салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған дәстүрлі іс-шара. Апталық аясында түрлі спорттық жарыстар, сурет көрмелері, музыкалық және би қойылымдары, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл іс-шара оқушылардың жан-жақты дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына, эстетикалық талғамын жетілдіруге зор ықпал етеді.