Біз жайлы

Атауы: ТОО «Талғат Нусупбаев атындағы бастауыш мектеп»

Ашылған күні: 01.09.2023 ж

Ғимарат типтік, 2 қабаттан тұрады. Әр қабаты жарық, безендірілген. Жобалық қуаты 320 орын. Балалардың жағдайы есептелінген. Инклюзивті біліммен қамтылған балаларға арнайы пандус жасалынған. Арнайы тактилалар бар. Ішкі, сыртқы бақылау камералары орнатылған. Оқушылардың бос уақытын өткізетін арнайы бұрыш, демалыс орны қарастырылған. Мектеп ғимаратының сыртқы алаңы да жаңа заман талабына сай, ағаштармен гүлдермен көгалдандырылған.