Талғат Нусупбаев атындағы орта мектебінде қыздар арасында “Инабатты қыз – инабатты елдің айнасы” тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға инабаттылық, әдептілік, тәрбие мен тазалықтың маңызы түсіндіріліп, қыз балаға тән ибалық пен мәдениеттің құндылықтары кеңінен айтылды.




