2025-2026 оқу жылының “Білім келешегі:сапалы оқыту- табысты тұлға” тақырыбында өткен педагогикалық кеңес білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталды. Кеңес барысында өткен оқу жылының нәтижелері талданып, мектептің даму басымдықтары айқындалды. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны таныстырылып, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын жаңашылдықтар мен стратегиялық бағыттар қарастырылды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру, оқушылардың құзыреттілігін дамыту, тәрбие жұмысының тиімділігін жетілдіру мәселелері талқыланды.

