Талғат Нусупбаев атындағы орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2025» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директоры К.Ү. Нусипбаева барша оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, оқу озаттары мен әртүрлі бағыттарда үлкен жетістіктерге жеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Соңғы қоңырау – әр оқушының жүрегінде мәңгі сақталатын сәт!
Барша оқушыларды осы қуанышты күнмен құттықтай отырып, алда келе жатқан жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге тілектеспіз!