Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ерлік пен елдік, батырлық пен бірліктің мәңгі өшпес үлгісін көрсеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым ететін күн.
Ұлы Отан соғысында жанын шүберекке түйіп, ұрпақ болашағы үшін күрескен батырларымыздың ерлігі – ешқашан ұмытылмайды. Олардың жасаған ерлігі – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі.
Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!