Алматы қаласындағы Орталық мұражайды қызықтаған соң, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында футбол ойыны Footlab алаңында өткізілді. Footlab – заманауи футбол алаңы, онда ойыншылардың шеберліктерін дамытуға арналған түрлі технологиялар мен жаттығу құрылғылары бар.

Мұндай алаңда футбол ойыны тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар:
• Оқушылардың техникалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
• Жылдамдық, дәлдік және физикалық дайындық деңгейін арттырады.
• Қызықты жаттығулар арқылы командалық рухты нығайтады.
• Спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *