Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде Шахмат үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында турнир ұйымдастырылды.
Турнирге үйірменің ең үздік оқушылары қатысып, ақыл-ой жарысында өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде үздік ойыншылар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Шахмат үйірмесін тәжірибелі тренерлер – Сулейманов Самат Джумазович пен Сулейманова Жанна Жанаркузембаевна жүргізеді. Олардың жетекшілігімен оқушылар шахматтың қыр-сырын меңгеріп, өз дағдыларын шыңдауда.