



Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттау және оқушылардың мәдени танымын кеңейту мақсатында “Ұлттық бұйымдар” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы белсенді қатысып, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей үлгілерін ұсынды.