




Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты лездеме ұйымдастырылып өткізілді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылары мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Сонымен қатар, белсенді оқушылар өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.
Әртүрлі байқау мен жарыстарда үлкен жетістіктерге жеткен оқушылар мадақтама, дипломдармен марапатталды.