Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, әдістеме кабинетінің әдіскері Искакова Мая Искаковнаның ұйымдастыруымен Талғат Нусупбаев атындағы бастауыш мектебінде «Оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты – ұстаздарға оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен жан-жақты танысуына, тәжірибе алмасуына және оларды оқу процесін жоспарлау мен өткізу барысында тиімді пайдалануына ықпал ету.
Іс-шара барысында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған заманауи әдістердің практикалық қолданылуын көрсетті.
Семинар қорытындысында кәсіби шеберлігін көрсеткен барлық мұғалімдер аудандық білім бөлімінің тарапынан марапатталды.