Талғат Нусупбаев атындағы орта мектебінде мектеп инспекторы Маженов Н.Н. оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектеп тәртібі, құқықтық жауапкершілік, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың түрлері мен оның салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда кең таралып жатқан вейп пен электронды сигаретаның денсаулыққа зияны, оларды пайдаланудың заң бойынша тыйым салынғаны, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке алып келуі мүмкін екені ерекше атап өтілді.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелері, интернеттегі тәртіп және өзін-өзі қорғау мәдениеті туралы да нақты түсіндірмелер жасалды. Кездесу соңында балалар өз сұрақтарын қойып, инспектормен ашық пікір алмасты.



