Талғат Нусупбаев атындағы бастауыш мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығының ашылуы – оқушылардың рухани дүниесін байытып, пәндерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. Айлықтың басты мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, тіл мен тарихты терең танып-білуіне, мәдени және адами қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.
Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе алуына жағдай туғызу көзделеді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану және білім беру сапасын арттыру міндеті қойылады.
Айлық аясында түрлі зияткерлік сайыстар, әдеби кештер, эссе және шығармалар байқауы, тарихи тұлғаларға арналған танымдық сабақтар өткізіледі. Бұл іс-шаралар оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың ұлттық рух пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.