Талғат Нусупбаев атындағы орта мектебінде 5–8 сынып оқушылары арасында кіші футболдан мектеп лигасы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру дағдыларын дамыту және командалық рухты қалыптастыру болды. Оқушылар ойын барысында өз шеберліктерін көрсетіп, бір-біріне қолдау білдіріп, әділ жарыс рухын таныта білді. Лига мектеп ұжымының ұйымшылдығын күшейтіп, достық қарым-қатынасты нығайтты. Жарыс қорытындысында үздік ойын көрсеткен оқушылар мен командалар марапатталды.



