Талғат Нусупбаев атындағы орта мектебінде ұлдар арасында “Ар-намыс – асыл қазына” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ер азаматқа тән батылдық, адамгершілік пен намысқойлыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға ар-намыс ұғымының мәні түсіндіріліп, әңгіме-сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар тазалық, тәртіп сақтау, мектеп формасын кию мәдениеті жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, жақсы қасиеттерді бойына сіңірудің маңыздылығын ұғынды. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, әсерлі өтті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *