Талғат Нусупбаев атындағы орта мектеп
1–8 сынып оқушылары арасында «Досболlike» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада оқушыларға сөздің құдіреті мен оның адамға тигізер әсері жайлы түсінік берілді.
Мақсаты – оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу, сөздің де жүрекке жара салуы мүмкін екенін ұғындыру, буллингтің алдын алу.
Балалар өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты.
Іс-шара достыққа, ізгілікке және өзара құрметке шақырды.




