Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде “7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” және “9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне” орай 1–7 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға осы тарихи күндердің маңызы түсіндіріліп, ерлік пен патриотизм туралы мазмұнды әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, оқушылар өз туған өлкесінің батырлары туралы кеңінен мағлұмат алды. Жерлес батырлардың ерлігі мен өмір жолы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.