«Ерлік — елге өнеге» тақырыбы аясында Әбіл Нүсіпбаев атындағы мектебінде оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Қаракемер ауылының әкімі Алыбаев Рашид Елшібекұлы, мектеп директоры м.а. Тореев Болат Кадырович, Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінің директоры Нүсіпбаева Күлсінхан Үркімбайқызы және оқушылары — Самат Төрежан мен Бахыт Сымбат, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің «Әбілтану» сыныбының оқушылары — Төлетай Арнұр мен Сәрсенбай Аружан қатысып, Әбіл Нүсіпбаев туралы тың деректермен бөлісті.

Ерлікке тағзым еткен бұл кездесу — жас ұрпаққа үлгі болатын өнегелі де тәрбиелік мәні зор шара болды.

Іс-шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін мектеп ұжымына және мектеп директоры Тореев Болат Кадыровичке алғысымызды білдіреміз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *