

Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде 4-7 сынып оқушылары арасында тәрбие жұмысына бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамыту, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Ұлдар үшін “Әлеуметтік жауапкершілік және адалдық” тақырыбында өткізілген шарада оқушылар шынайылықтың маңызын, жауапкершілік пен әділдіктің қоғамдағы рөлін талқылады. Олар түрлі өмірлік мысалдар арқылы дұрыс шешім қабылдау жолдарын үйреніп, адалдықтың басты қағидаларын түсінді.