Талғат Нүсүпбаев атындағы негізгі мектебінде 1 “А” және 1 “Ә” сынып оқушылары арасында “Рахмет саған, Әліппе” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Әліппе оқулығын меңгеру нәтижелерін қорытындылау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және ата-аналарды балалардың оқу процесіне тарту.
Бұл мерекелік іс-шара балалардың ең алғашқы білім кезеңін аяқтағанын атап өтіп, олардың оқу процесіне деген қызығушылығын одан әрі арттыруға және болашақта үлкен жетістіктерге жетуге негіз бола білді.