Талғат Нусупбаев атындағы негізгі мектебінде 15 қараша — Ұлттық валюта теңге күніне орай 6 «Ә»сынып оқушыларымен топтық жұмыс өткізілді.
1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған — Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.