


Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, мәдени мұрамызды жасөспірімдердің бойына сіңіру, патриотизмді дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушыларына Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық, қазақ драма театрының ұжымы Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі-қойылымын қойды.