РАХМЕТ САҒАН ӘЛІППЕ!

Туған тілдің бастауы,
Әріптерден тараған.
Әліппеден ең алғаш,
Білім алған бар адам!
Әліппе — барлық білімнің бастауы. Талғат Нусупбаев атындағы мектебінде 1 “А”, 1 “Ә”, 1 “В”сыныптарында “Рахмет саған әліппе” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларды әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық, талғамдарын тереңдету, өзін-өзі басқару мен ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шарада мектеп директоры К.У.Нусипбаева 1 “А”, 1 1 “Ә”, 1 “В” сынып оқушыларын Әліппені жақсы оқығандары үшін “Мақтау қағазымен” марапаттады.
“Рахмет саған әліппе” шарасында 1-сынып бүлдіршіндері ән шырқап, жаттаған тақпақтарын мәнерлеп оқыды.
Өнерлерін көрсетіп, әліппені жақсы меңгергендерін танытты.
Ата-аналар сынып жетекшілеріне балаларын білім нәрімен сусындатып, берген білімі мен тәрбиесі үшін алғыстарын білдірді.
Мерекелік шаралар
жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Білімге қаққан қанаттарын талмасын!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *