

«Наурыз – жыл басы» атты сынып сағаты барлық сыныптарда өткізілді 🌸
Іс-шара барысында оқушыларға Наурыз мейрамының маңызы мен тарихы таныстырылып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке, бірлік пен шаттық әкелсін!