
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай Өркениет орта мектебінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің ұстаздары мен қызметкерлері арасында кіші футболдан спорттық жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдар арасындағы бірлікті нығайту.