Өркениет орта мектебінде 5–8 сынып қыздары арасында «Өзін-өзі қорғау және жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, жеке шекарасын білуге, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Кездесу барысында жеке қауіпсіздік ережелері, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениеті, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, «жоқ» деп айта білу, сенімді ересектерге жүгіну жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар өмірде кездесетін түрлі жағдайлар бойынша мысалдар келтіріліп, қыздардың сұрақтарына жауап берілді.